Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Біздің сайтты бағалаңыз
Барлық жауаптар: 32
Балалар құқығы
Комитет по контрол
Жас өркен

Ата-аналарға кеңес

Ата-аналарға кеңес.

 
     Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру – біздің негізгі мақсатымыз.
    Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір ата-ананың мерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата-бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті жауапкершілікті ата-ана өзіне алғаны жөн, себебі бала ата-ананың өмірінің жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор болмақ.
    Ата-аналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен жұмысы жан-жақты болса жемісті болады.
     Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы ата-ана берген тәрбие мектепте жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып қалыптасу үшін мектеп, мұғалім және тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады. Ең бастысы – бала ата-ананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын сезінуі керек.
      Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр болсын, ол өзін жақсы көру мен сыйлауды қалайды.
     Естеріңізде ұстаңыз: баланы әлсіз деп бағаламай, оның жақсылық жағын да көру керек. Жылы сөзді аямаңыз. Бір нәрсені орындағанда мақтап, орындамағанда сынаңыз. Мақтағанда жеке түрде мақтап, сынағанда елеусіздеу сынауға тырысыңыз. Олардың алдына орындалатын міндеттерді қойыңыз. Бұйырудың орнына өзіңе тең адамша кеңес, көмек сұрауға тырысыңыз. Мүмкіндігіне қарай бір қателік үшін екі рет жазалауға тырыспаңыз. Бала өзін не үшін жазалағанын түсінуі тиіс. Көп жағдайларда баланы мазалау, шектен тыс талап қою нәтиже бермейді.
 
 
Бесінші сынып ата-аналыран арналған жиналыс
 
10-11 жастағы оқушылардың даму ерекшеліктері.10-11 жас кезеңі төменгі мектеп жасынан ересектікке өтуімен сипатталады. Кез келген өтпелі кезең сияқты оның өзіндік ерекшеліктері бар және оқушылар мен ата аналары сияқты мұғалімдер үшін де белгілі бір қияндықтармен байланысты.
Бұл кезеңде баланың психикасында айтарлықтай өзгерістер өтіп жатады. Оның теориялық пәкәрә дами бастайды, өйткені жаңа білім, қоршаған әлем жайындағы жаңа ұғымдар бұрыннан қалыптасқан   тұрмыстық түсінігінен өзгертеді. Ойлаудың жаңа деңгейінің дамуы негізінде барлық қалған психикалық процестерде қайта құру пайда болады, яғни Д.Б. Эльконин атап өткендей «қапер ойға, ал түйсік ойлауға айналады». Көптеген зерттеулер ойлаудың дамуы балаларда рефлексияның олардың өзге психикалық өмірін түсінуге, өзіне деген қатынастың қалыптасуына, одан әрі дамуына мүмкіндік беретіндігін көрсетеді. Нәтижесінде, балада өзіндік көзқарастар, пікірлер дами бастайды.
Танымдық сала бұрынғысынша жетекші сала ретінде өрістейді. Анағұрлым байыпты талаптар оқушылардың ақыл ойы және тілдік дамулырына ұсынылады: логикалық операциялырдың дағдылары, оқу білімін жүйеге келіру, зерттелетін ұғымның мағынасын түсіну, ауызша сөздің сауаттылығы және мазмұндылығы. Төменгі мекеп жасының аяғына таман оқушыларда өзге жаңа құрылулар қалыптасуы тиіс: психикалық процестің еркіндігі, өзін өзі жөнге келтіру қабілеті.
Оқу қызметі қызметтің басқа түрлерімен толықтырылады, және олардың барлығы оқушылардың психикалық дамуына ықпалын тигізеді. Бұл жағдайда оқу қызметі: негізгі болып қала береді және тұлғаның уәждемелік саласының мағынасын анықтауда жалғастырылады. Орта мектепте оқытудың басынан бастап «оқу» ұғымының мағынасы кеңейеді, өйткені ол сынып, мектеп шеңберінен тыс, көбінесе ербес, мақсатқа сай жүзеге асырылады. Оқу қызметінің уәждемесіне талаптардың сапасы өзгере бастайды. Оқу уәжесінің жаңа түрі анағұрлым қарапайым формада ұсынылатын өзін өзі құрулар пайда болады. Сонымен қатар, орта топтатабысты оқыту анағұрлым терең және мазмұнды күштеріді талап етеді: білім алу әдістеріне бағдарлар, заңдаылықтар мен қағидаларға мүдделілік, «өзі үшін» оқу мәнін түсіну. Егер оуға деген мүдделілік баланың мағына құраушы уәжі болып табылатын болса, онда оқу қызметі оның ойдағыдай психикалық дамуын қамтамасыз етеді.
Өкінішке орай, қазіргі заманғы мектептегі әлеуметтік ахуал мынадай қалыптасқан құндылықтар иерархиясында оқу әрқашан лайықты орын алмайды, оқушылардың танымдық белсенділігі нашар дамыған, оқудың басты ынталандырушы және негізгі нәтижесі тек қана баға болып табылады.
4-сыныпта құрдастарымен қарым қатынас баланың тұлғалық дамуының көптеген жақтарын анықтай бастайды. Бұл жаста баланың сыныптағы іскерлік және жеке қарым қатынастары жүйесінде юелгілі бір жағдайға оның жолдастарымен қатынасы қалай қалыптасатындығы әсер ете бастайды.
Сондай ақ өзін өзі бағалау сипаты да өзгере бастайды Төменгі сыныптардағы әдеттегі жағдайлар һзге балалардың түзетуі мен қайта бағалауына ұшырайды.
Бастауыш мектепте орта мектепке көшу бесінші сыныптағыларда жаңа мұғалімдерің пайда болуымен, олардың талаптарының алуан түрлілігімен, түрлі кабинеттердегі сабақтармен, жоғары сыныптағылармен байланыс жасаудың қажеттілігімен байланысты.
 
АТА-АНАЛАРҒА АЙТАРЫМЫЗ...
 
Бастауыш мектептен орта мектепке көшу мәселесін ата аналармен талқылау барысында балаларды орта мектепке оқытуға бейімдеуге, оның жағымды және жағымсыз жақтарына, сондай ақ бейімдеу кезеңінің табысты өуіне мүмкіндік беретін немесе кедергі келтіретін жағдайларына назар аудару қажет.
Бұл кезде ата аналар балалардың оқу қызметін дамытуына олардың оқы алатындығына, ересектердің көмегімен және өз бетінше жаңа білім және ағдылар қалыптасуына басты назар аударулары қажет.
5-сыныпта оқу жағдайы түбегейлі өзгереді: балалар бір негізгі мұғалімнен «сынып жетекшісі пән мұғалімдері» жүйесіне көшеді, сабақтар әдетте түрлі кабинеттерде өтеді.балалар жиі мектеп ауыстырады (мысалы, гимназияға түседі), оларда жаңа мұғалімдер ғана емес, сонымен қатар жаңа сыныптастар да пайда болады.
Қазіргі кезеңде бастауыш мектептен орта мектепке көшу балалық шақтың аяқталуымен дамудың тұрақты кезеңімен сәйкес келеді.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген балалар мұндай оқиғаны өз өміріндегі маңызды қадам ретінде қабылдайды. Олар бұрынғыдай өздегінің «кішкентай еместігін» мақтан тұтады. Түрлі талаптары, түрлі мінез құлықтары, қатынастырының түрлі стильдері бар бірнеше мұғалімдердің пайда болуы олар үшін есеюдің анық көрсеткіші болып табылады. Олар өздерінің ата аналарына, кіші інілеріне, достарына „мейірімді„ математика мұғалімі немесе „зиянкеш„ тарихшы ағай жөнінде сүйсінушілікпен және мақтанышпен әңгімелеп береді. Сонымен бірге балалардың белгілі бір бөлігі өзінің жаңа жағдайын мектеп өмірін қайтадан бастау, педагогтармен қатынасын жөнге салу мүмкіндігі ретінде қарастырады.
Бастауыш мектептен орта мектепке көшу оқушының психикалық жұктемесінің өсуімен тығыз байланысты. 5-сыныпта оқытудың бастапқы кезінде оқушылардың жаңа жағдайларына бейімделу кезеңінің бастан кешіретіндіген және ол көп жағдайларда, 1-сыныпта оқутудың басталуына ұқсаған психологиялық және психофизиологиялық зерттеулер көрсетіп отыр.
Оқу жағдайларының шұғыл өзгеруі, оқушыға түрлі мұғалімдер тарапыан қойылатын талаптардың алуан түрлілігі және күрделі, тіпті бастауыш мектепте «ересек» тұғырынан орта мектептегі «ең кішкенеге» ауысуының өзі оқушының психикасы үшін айтарлықтай қиын сынақ болып табылады.
Тіркелу панелі
Іздеу
Күнпарақ
«  Маусым 2025  »
ДуйСейСәрБейЖұмСенЖек
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Басылым мұрағаты
Жаналықтар