Сайт мәзірі
Біздің сұраулар
Біздің сайтты бағалаңыз
Барлық жауаптар: 32
Балалар құқығы
Комитет по контрол
Жас өркен

Мектеп ардагерлері

РАХИМБАЕВА ПЕРУЗА МӘЛІКҚЫЗЫ

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті
қызметкері. Биология, химия пәнінің жоғарғы
санатты мұғалімі. Оқушылары аудандық, облыстық
олимпиадаларға қатысып, жүлделі І,ІІ орындарға ие
болып жүр.10-сыныптарда "Мұнай өнімдері" тақырыбына
ашық сабақ, мектепте химиядан сабақта оқушылардың
іс-әрекетін дамыту,ізденімпаздығын қалыптастыру
мақсатында семинар, реферат,баяндама, зертханалық
сайыс, сарамандық конференция сабақтарын өткізді.
Баяндамасы: "Танымдыќ ізденімпаздықты қалыптастыру".

Еңбек өтілі-33 жыл.


БАЕКЕНОВА ГҮЛЖАН СРАШҚЫЗЫ

"Орыс тілі және әдебиетi" пәнінің І санатты мұғалімі.
1973 жылдан бастап ұстаздық қызметке араласқан.
Оқушылары аудандық, облыстық олимпиадаларда
І, ІІ орындардың жеңімпаздары атанып жүрді.
1992 жылы дәстүрлі емес оқыту әдістемесі бойынша
11-сыныптарда орыс єдебиетінен "Литературное кафе"
атты облыс көлемінде ашық сабақ өткізді, еңбегі "РЯКШ"
журналының бетінен жарық көрді.Ұзақ жылдар бойы
"Диалогическая речь на уроках русского языка и
литературы в казахских классах" атты тақырыпта зерттеу
жұмысын жүргізуде.
Еңбек өтілі-34 жыл.


ҮМБЕТӘЛИЕВ ТӘЖІБАЙ ҮМБЕТӘЛИ

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің І санатты мұғалімі
1973 жылдан бастап мұғалімдік жұмыс (өз мамандығы бойынша)
істеді.
1988 жылдан оқушылары аудандық олимпиадада І,ІІ,ІІІ орындар
алып келеді.
1997 жылы аудандық үздік сынып жетекшісі сайысында
ІІІ орын алды.
1998 жылы жыл мұғалімі сайысында І орын иеленді.
1997-1998 жылдары қазақ тілі қоғамының 6 жылдығына аудандық
мұғалімдер слетінде ашық сабақтар өткізді.
Онда сахналық сабақ, саяхат сабақ үлгілерін көрсетті.
"Оқушылардың жазба мәдениетін арттыру жолдары" тақырыбын
зерттеуде.
Еңбек өтілі-35 жыл.



РАИСА НАУМҚЫЗЫ ХАМЗИНА

1947 жылы Орал қаласында дүниеге келген.
1969 жылы Қызылорда қаласындағы Гоголь атындағы институттың
оқытушысы болып қызмет жасады. Жас оқытушы білімділігімен
көзге бірден түсе бастап мақтау қағаздарына ие болды.
Раиса Наумқызы №64 мектепте мектеп директоры болып қызмет
атқарды.1996 жылы №14 орта мектепте мектеп директорының
оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Кішіге қамқоршы атанған Хамзина Раиса Наумқызы қазіргі
таңда №260 мектептің ағылшын пәнінің мұғалімі болып қызмет
жасайды.
І санатты мұғалім.Еңбек өтілі-38 жыл.

БИСЕМБАЕВ МАХАМБЕТӘЛИ ТИЫШТЫҚБАЙҰЛЫ

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
Жоғарғы санатты музыка пәнінің мұғалімі.
Аудандық облыстық семинарларда "Елім-ай" бағдарламасы бойынша
үлгілі сабақтар өткізіп, іс-тәжірибесі плакат етіп шығарылып
мектептерге таратылды. 2002 жылы 7 "Г" сыныбында "Мұрат
Сыдықовтың шығармашылығы" тақырыбында аудандық ашық
концерт-сабақ өткізді.Баяндама зерттеу,тақырыбы: "Мектепте
оқушыларға ұлттық музыкалық тәрбие беру".
15-тен астам марапаттаулардың иесі.
Жоғарғы санатты мұғалім. Еңбек өтілі-26 жыл.



Кашанбаева Жанат Сарсенбаевна
1962 жылы Арал ауданында дүниеге келген.
1982 жылы Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық
институтын бітіріп шықты.
І санатты мұғалім.
Педагогикалық еңбек өтілі 29 жыл


Тіркелу панелі
Іздеу
Күнпарақ
«  Маусым 2025  »
ДуйСейСәрБейЖұмСенЖек
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Басылым мұрағаты
Жаналықтар