Психологиялық күй
1-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕГІ АЛАҢДАУШЫЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ (ФИЛЛИПС ӘДІСТЕМЕСІ)№ Факторлар Көрсеткіш (%)
1 Мектептегі жалпы алаңдаушылық 38
2 Әлеуметтік жағдайға алаңдаушылық 12
3 Жетістікке жетудегі қажеттілік фрустрациясы 10
4 Өзін-өзі көрсетудегі қорқыныш 14
5 Білімін текерудегі қорқыныш 36
6 Айналасындығылардың үмітін ақтай алмай қалудағы қорқыныш 38
7 Стреске қарсы тұрудың физиологиялық төмендігі 15
8 Мұғалімдермен қарым-қатынас жасаудағы мәселелер мен қорқыныштар 35
ҰСТАЗДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Соңғы уақытта кәсіби күйзеліске ұшырау мәселесі көптеп көтеріліп жүр. Ол – кәсіби құлдырау сидромы ( тұлғалық және эмоционалды-энергиялық қордың жадауы)
Эмоционалды құлдыраудың себептері:
- эмоционалды жүктеме;
- қызметтің қытты шегінен шығуы, алға қойған мақсатты жүзеге асыруда уақыт тапшылығы;
- өз эмоциясын бақылай алмауы;
- ұйымдастырушылық кезеңдері: жүктеме, сабақ кестесі, кабинет;
- өз жұмысыңның қорытындысы бойынша әкімшілік және ата-аналар алдындағы жауапкершілік;
- қарым-қатынас жасау және қиын жағдайдан шешімін тауып шығу дағдасының болмауы;
- балалармен, ата-аналармен және әкімшілікпен қарыс-қатынас жасау.
Кәсіби құлдыраудың белгілері:
- тұрақты түрде шаршау;
- физиологиялық және эмоционалды жадау;
- әлсіздік, белсенділіктің төмендеуі;
- жиі бас аурулары;
- салмақты жылдам түсіру мен қосып алу;
- ұйқысыздық;
- ұйқышылдық қалып пен күні бойы ұйқысы келу;
- күйзеліс;
- ашушаңдықтың жиілеуі;
- жиі жүйке олқылықтары;
- алаңдаушылық сезімінің жоғарлауы;
Кәсіби құлдыраудың белгілерінен қалай құтылуға болады:
1. Өзіңізге мұқият болыңыз.
2. Өзіңізді жақсы көріңіз.
3. Өзіңіздің мүмкіншіліктеріңіз бен бейімділігіңізге қарай жұмыс жасаңыз. Ол сіздің өзіңізге сенімді болуыңызға көмектеседі.
4. Жұмыстан бақыт іздеуді доғарыңыз.
5. Біреулер үшін олардың өмірімен өмір сүруді тоқтатыңыз.
6. Өзіңізге уақыт табыңыз.
7. Әр күнің оқиғаларын ой елегіңізден өткізіп отырыңыз.
Не істеуге болады және не істеуге болмайды:
- Өз сезіміңізді жасырмаңыз.
- Не болғандығы туралы айтудан қашпаңыз.
- Ұйқыға, демалысқа және ойлануға жеткілікті уақыт беріңіз.
- Өз қалауларыңызды тура, анық және түсінікті жеткізіңіз.
- Өз өміріңіздің дұрыс тәртібін орнатыңыз.
Сіздің құқыңыз бар:
- Кейде өзіңізді бірінші орынға қоюға;
- Кейде көмек пен эмоционалды қолдау сұрауға;
- Әділетсіз қатынасқа қарсы туруға;
- Өз жеке ойыңыздың болуына;
- Дұрыс шешімін таппағанша қателік жіберуге;
- Адамдарға өз проблемаларын өздеріне шешуге беру;
- «Рахмет, ЖОҚ», «Кешіріңіз, ЖОҚ» деп айтуға;
- Өз шешіміңізді және өміріңізді өзгертуге.
Сіз міндетті емессіз:
- 100%-ға мінсіз болуға;
- Бәрінің айтқанын орындауға;
- Өз-өзіңізбен болғаны үшін кешірім сұрауға;
- Өз қалауларыңыз үшін кінәлі сезінуге;
- Басқалар үшін өзіңіздің ішкі жан дүниеңізді құрбан етуге;
- Істей алмайтын іспен айналасуға;
- Ойға қонымсыз талаптарды орындауға;
Адамдардың реніш сезімін оятпай-ақ, ықпал етуге мүмкіншілік беретін тоғыз ереже:
n 1-ереже. Әңгімені өзіңізбен пікірлесіп отырған адамды шын көңілден мақтаудан бастаңыз.
n 2-ереже. Басқа адамгершілік кемшілік-мінін тура бетіне айтпай, астарлап жеткізіңіз.
n 3-ереже. Алдымен өз кемшіліктеріңіз туралы сөз қозғаңыз, содан кейін әңгімелесуші адам туралы сын айтуыныңызға болады.
n 4-ереже. Әңгімелесуші адамға бұйрырып емес, қарсы сұрақ қойыңыз.
n 5-ереже. Адамдарға өзінің абырой-беделін сақтауға мүмкіндік беріңіз.
n 6-ереже. Адамдардың кішкене болса да жетістігін елеп-ескеріп, қолдау көрсетіңіз.
n 7-ереже. Адамдардың өз қылмысын ақтауға тырысатындай бедел жасауға тырысыңыз.
n 8-ереже. Ынталандыруға тырысыңыз, сіз түзеуге қажетті деген кемшілікті адамдардың өзі-ақ жөндей алатындай жағдайға келтіріңіз.
n 9-ереже. Сіз ұсынған жолды адамдардың өзі қуана қабылдайтындай мүмкіндік туғызуға тырысыныз.